Жаңалықтар

Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен,  Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен  сәуір айының 14 – ші жұлдызы күні 18:00 – де Ғашықтар күні мерекесіне орай Өнер орталығы концерт залында  әншіҚР еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрлан Өнербаевтың «Аққуым - әнім» атты концерті өткізіледі. Концерттік бағдарлама барысында  көрермендердің жүрегінен орын алған «Сағыныш», «Анашым», «Әке арманы», «Қазақ қызы», «Сұлулық», «Туған күн», «Сағындым ауылды», «Аққуым» әндері, сондай-ақ халық әндерінен «Дударай», «Сандуғаш», «Бір бидай арпа», «Беу, айдай», «Бипыл» әндері орындалады.

Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен,  Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен  сәуір айының 18 – ші жұлдызы күні сағат 18:00 – де Камералық оркестр ұжымы Өнер орталығы концерт залында «Вечер инструментальной музыки» атты концерттік бағдарламасын ұсынады. Ұжымның көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі Әли Ермекбаев. Дирижер Ирина Подкурова. Концерттік бағдарлама барысында Камералық оркестр репертуарындағы Қазақстан және шетел композиторларының танымал классикалық туындылары мен шығармалары орындалады. Сонымен қатар, музыкалық мектептер мен колледждердің шығармашылық ұжымдары қатысады.

7 сәуір сағат 16:00 де Өнер орталығы сахнасында Халықаралық және Республикалық байқаулардың жеңімпазы  Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының қазақ камералық хор ұжымы «БОЛЬШОЙ КОНЦЕРТ» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.

2018 жылдың 7 сәуір күні  Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Өнер орталығы сахнасында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің «Любимые мелодии кино» концерті өтті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Д.Ғылымов, оркестрдің бас дирижері ҚР мәдениет саласының үздігі М.Қабижанова.

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысып, еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

Бүгін 2017 жылдың 21 желтоқсанында Астанада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режімінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Коллегиясының отырысы өтті.