Жаңалықтар
АЛҒАШ РЕТ 28 наурыз күні сағат 18.30-да «Өнер орталығының» концерттік залында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның Қазақ камералық хоры Ақтөбе қаласында "MUSIC CONNECTS PEOPLE" атты Қазақстан-Әзірбайжан-Түркияның бірлескен Халықаралық жобасын назарларыңызға ұсынбақ.
Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының ұйымдастыруымен, Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония 75 жылдық мерейтойына және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған 2019 жылдың 16 наурыз күні сағат 16.00 – де «Достық сазы» фольклорлық ансамблі (жетекшісі «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі Бақытбек Зейнелов) Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз жаңа күн» атты мерекелік концерті «Өнер орталығында» өткізілді.
6 сәуір сағ:17.00 – де ⠀«ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ» концерт залында көптен күткен "МузАрт"тобы және МузАрт LIFE əн кешіне шақырамыз!!!
Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен 7 наурыз күні, сағат 19:00 де "Өнер орталығы" саxнасында Халықаралық әйелдер күніне арналған "Дарите женщинам цветы" атты мерекелік кеш өткізілді. Кеш шымылдығын А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі және "Аққу" би ансамблі Қайрақбайдың "Бұлғын сусар" күйімен ашты.
2019 жылдың 7 наурыз күні сағат 19:00 – де Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясы көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Дарите женщинам цветы» атты мерекелік концертің «Өнер орталығы» сахнасында өткізеді.