Жаңалықтар

2019 жылдың 23 ақпан күні сағат 16:00 -де «Өнер орталығы» сахнасында ⠀ Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында, 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануына байланысты, Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрі жылда дәстүрге айналған «Ұрпақтар үндестігі» атты концертін А.Жұбанов атындағы музыка колледжімен бірлесе өткізді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында және сүйікті қаламыз Ақтөбенің 150 жылдығы, өнердің қара шаңырағы Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының 75 жылдығы аясында, Халықаралық конкурстардың лауреаты жерлесіміз Ангелина Югайдың «Родной земле поет моя душа» атты концерті 21 ақпан сағат 18.30 – да «Өнер орталығы» сахнасында жоғары дәрежеде өтті.

«Саз» балалар студиясының концерттік «Жайдарман» вокалдық тобы. Жетекшісі Жаманқұлова Мейрамгүл Тілектесқызы, вокал, хор пәндерінің ұстазы. Сонымен қатар балаларға арнайы жазылған әндердің авторы. Авторлық балаларға арналған «Рақмет саған, Отаным» әндер жинағы  2010жылы жарыққа шықты.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында, 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануына байланысты, Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған Халықаралық байқаулардың лауреаты, Республикалық «Жібек жолы» байқауының Бас жүлде иегері, Халықаралық «Молода Галичина», «Елім менің» конкурсының лауреаты, жас әнші  Нұртас Омаровтың  «Қазақ елі» атты алғашқы шығармашылық ән кеші «Өнер орталығы» концерт залында ерекше жоғары деңгейде өтті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың болашаққа бағдар «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында және сүйікті қаламыз Ақтөбенің 150 жылдығы, өнердің қара шаңырағы Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының 75 жылдығы аясында, 7 ақпан күні сағат 19:00 – де «Өнер орталығы» концерт залында ұлттық өнерімізді дәріптеп жүрген «Достық сазы» және «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамбльдердің «Ұлы дала жүйрігі» атты айтыс концерті өткізілді.