Жаңалықтар
2019 жылдың 22қаңтар күні сағат 18:30 да Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясы, Ақтөбе облысы бойынша «150 концерт» бастамасы аясында "Өнер орталығы" концерт залында "Сүйікті кинофильдер әуені" атты концерттік бағдарламасын ұсынды.
2019 жылдың 13 қаңтар күні сағат 16.00 – де көрермендердің сұрауы бойынша А.Жұбанов атындағы Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы көркем фильмдер әуендерінің жаңа бағдарламадағы «Жаңа жылдық саундтрек» концерті Өнер орталығы сахнасында өтеді. Бас дирижер, ҚР мәдениет үздігі Мадина Қабижанов.Көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов. Концерттік бағдарламада Кеңес дәуірінің фильмдері «Ирония судьбы, или С лёгким паром!», «Служебный роман», «Операция Ы», «Иван Васильевия меняет профессию» және т.б. көркемфильмдердің жаңа жылдық саундтректері орындалады.
24 желтоқсан сағат 10.00 – де Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясы Өнер орталығы сахнасында «Золушка» жаңа жылдық музыкалық ертегісін ұсынды.
2018 жылдың 26 желтоқсан күні сағат 18.30-да көрермендердің сұрауы бойынша А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы көркем фильмдер әуендерінің жаңа бағдарламадағы «Жаңа жылдық саундтрек» концерті Өнер орталығы сахнасында өткізілді.
2018 жылдың 20 желтоқсан күні сағат 19.00 – де "Өнер орталығы" сахнасында «Сағындырған саздар–ай» атты ретро концерт өткізілді. Концерттік бағдарламада камералық оркестрдің сүйемелдеуімен облыстық филармонияның танымал әншілері М.Әйтімов, А.Мәжікбаев, А.Мақаш «Құстар әні», Ж.Бекбосынов, Е.Дүйсеев «Дос туралы жыр», М.Сапарова «Сырласу вальсі», .....
2018 жылдың 20 желтоқсан күні сағат 19.00 – де «Сағындырған саздар – ай» Ретро концерті Өнер орталығы сахнасында өтеді. Концерттік бағдарлама барысында Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуов, Е.Хасанғалиев және т.б. композиторлардың әндері орындалады.
2018 жылдың 16 желтоқсан күні сағат 16.00 – де Өнер орталығы сахнасында Еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары «Елім менің» атты мерекелік концерт ұйымдастырып өткізді. Концертте А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, Қазақ камералық хоры, Камералық оркестрі, «Арайлы Ақтөбе», «Достық сазы» фольклорлық ансамбльдері, «АҚҚУ» би ансамблі, «САЗ» балалар студиясы, классикалық музыка ансамблі, Бейбіт Оралұлы шығармашылық орталығы және «Екі Езу» сатира – театры өнер көрсетіп. Көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.