Жаңалықтар
2018 жылдың 16 желтоқсан күні сағат 16.00-де Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Елім менің» атты мерекелік концерті өтеді.
2018 жылдың 26 желтоқсан күні сағат 18.30-да көрермендердің сұрауы бойынша А.Жұбанов атындағы Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы көркем фильмдер әуендерінің жаңа бағдарламадағы «Жаңа жылдық саундтрек» концерті Өнер орталығы сахнасында өтеді. Бас дирижер, ҚР мәдениет үздігі Мадина Қабижанов.Көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов. Концерттік бағдарламада Кеңес дәуірінің фильмдері «Ирония судьбы, или С лёгким паром!», «Служебный роман», «Операция Ы», «Иван Васильевия меняет профессию» және т.б. көркемфильмдердің жаңа жылдық саундтректері орындалады.
23-30 желтоқсан және 2-10 қаңтар күндері сағат 11.00, 14.00, 16.00 -де Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясы Өнер орталығы сахнасында «Золушка» жаңа жылдық музыкалық ертегі ұсынады.
2018 жылдың 23 қараша күні сағат 18:00 – де академик А.Жұбановтың шәкірті, Қазақ ССР – нің Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, профессор, композитор, дирижер Қайырғали Қожанбаевтың 80 жас мерейтойына арналған «Нұрлы елім» атты шығармашылық кеші Өнер орталығы сахнасында өткізілді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Астана қаласының 20 жылдығына орай, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 21 қараша сағат 19:00 – де "Екі Езу"сатира театрының көркемдік жетекшісі Н.Жұбатқанның "Əн мен Əзіл "20 жылдық шығармашылық кеші өтті.