Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасы аясында 3 – 8 тамыз аралығында Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хор ұжымы Ресейдің мәдени астанасы Санкт – Петербург қаласында өткізілген Ю.Фалик  атындағы «Поющий мир» атты XVI Халықаралық байқау – фестиваліне қатысып «Халық музыкасы»  І – ші  дәрежелі, «Камералық хор» және «Заманауи музыка» категориясында екі ІІ – ші дәрежелі лауреат атағын жеңіп алды.

Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен,  Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының ұйымдастырылуымен,  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында, Астана қаласының 20 жылдығына орай тамыз айының 7 – і жұлдызы күні   сағат 19:00-де Өнер орталығының концерт залында әнші, сазгер Нұрталап Жүсіповтің «Ғажап Астана» атты шығармашылық ән кеші өтеді. Кеш қонақтары ҚР Мәдениет саласының үздіктері Аллаберген Жақсыбаев, Жадыра Арыстанова, Асқар, Асанәлі Көшеровтер, Жанна Сандыбаева және жергілікті өнер жұлдыздары Перуза Нарман, Айнагүл, Шынтас Омаровтар, Аймұрат Мәжікбаев, Орал Байсенгір, Ақылбек Бердалиев, Айбат Макашев, Ақторғын Естілеуова, Бағдат Сейт, Қуаныш Агисов, Нұрлан Бегайдар, Ұлан Досмұратов, Еркебұлан Жиеналин. Кеш жүргізушілері Нұрхан Кәдірбаев, Лунара Бекбусинова.

2018 жылдың 28-маусымы күні сағат 19:00 – де «Өнер орталығы» концерт залында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының камералық оркестрі  «Звезда по имени солнце»  атты тақырыппен   әнші  Виктор Цой шығармашылығына арналған концерт өткізілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Ақтөбе облыстық  әкімдігі,  Ақтөбе облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе  облыстық филармониясының ұйымдастырыуымен Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін салушы, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың және ұлағатты ұстаз, сазгер, Қазақстанның және КСРО – ның халық әртісі Ғазиза Жұбанованың атын мәңгі есте қалдыру мақсатында «Жұбановтар әуені – 2018» Халықаралық хор музыкасы фестивалі 22 – 24 маусым 2018 жылы өткізілді.

9 Мамыр  сағат 16.00 – де  Өнер орталығы концерт залында Ұлы жеңіс мерекесіне арналған алғашқы рет 300 адамнан тұрадын хор ұжымдарының «Поклонимся великим тем годам...!» атты  мерекелік концерті өткізіледі.  Концерттік бағдарлама барысында Қалалық мәдениет үйінің Халықтық «Наставник» еңбек ардагерлер хор ұжымы, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің аралас хор ұжымы, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің аралас хор ұжымы,Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аралас хор ұжымы, Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің А.М.Ғизатуллина атындағы аралас хор ұжымы, Қалалық мәдениет үйінің «Серпер» халықтық жастар хор ұжымдары қатысады. Көркемдік жетекші және дирижер Мербол Құспанов.

2018 жылдың 29-сәуір күні Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласындағы «Рухани қазына» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Халықаралық би күнін мерекелеу аясында Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы   «АҚҚУ-2018»   облыстық  би  байқауын өткізді.