14 мамыр күні Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен, сатира жанрын дамыту және қазақтың әзіл-қалжыңдарын насихаттау мақсатында ІХ-шы Республикалық “Айтқыштар Ақтөбеде” әзіл-сықақ фестивалі өтеді.

Фестивальге Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарынан және Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе қаласының театр ұжымдары қатысады.