Ұлтаралық келісім мен тұрақтылық және достық пен ынтымақтастықтың үлкен шаңырағы – Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қауіпсіздігіне және оны мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өміріне егемен еліміздің қорғаныс күштері кепіл болады. Егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтаймын.

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсетуіміз керек! Мереке күні баршаңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілеймін.

Құрметпен, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының директоры Е.М. Кенжалиев