Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары!

Сіздерді 29 мамыр 14:00 де жылда дәстүрге айналған А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі мен №1 балалар музыка мектебі оқушыларының бірлескен «Ұрпақтар үндестігі» концертіне шақырамыз.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов,

Бас дирижері «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері Мәдина Қабижанова.

Концерттік бағдарламада қазақ және шетел композиторларының

шығармалары орындалады.

@ahmet_zhubanov_orkestr