Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары!!!

Сіздерді 21 мамыр сағат 19:00 де «Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне» орай, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Өнер орталығы» концерттік залында өтетін, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторияның ректоры, күйші, дирижер Арман Жүдебаевтың

«КҮЙ - ӨМІРІМ» атты жеке шығармашылық кешіне шақырамыз.

Кеш қонағы:
ҚР Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық байқауларының жүлдегері

Рахат Сарсенов.

Кешке Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның Ахмет Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі қатысады.

Бағдарламада шетел және қазақ композиторларының шығармалары орындалады.

Кеш жүргізушісі: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Амантай Берғалиев.

Қоюшы-режиссер: ҚР Мәдениет саласының үздігі Ермек Скаков

Байланыс телефоны: 8 707 392 83 43
Касса: 90-64-58