Құрметті әріптестер!

 Сіздерді гүл көктемнің ақ самалы тербеткен, көңілге нұр құйған табиғаттың тамаша тартуындай 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Шабыттың шырқау шегіне шығып, ғажайып туындыларды дүниеге әкеп,
халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген әр өнерпаздың шаңырағы шаттыққа толсын! Халықтың алғысын алып, көрерменнің ыстық ықыласына бөлене беріңіздер!Отбасыларыңызға береке, Елімізге шуақты мереке тілеймін!

 Құрметпен ҚР мәдениет саласының үздігі,

филармония директоры Е.М.Кенжалиев.