2018 жылдың 29-сәуір күні Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласындағы «Рухани қазына» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Халықаралық би күнін мерекелеу аясында Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы   «АҚҚУ-2018»   облыстық  би  байқауын өткізді.

Байқауға  орта және  балалар өнер мектептерінің,   оқу орындарының би ансамбльдері, оның ішінде балалар қойылымдары, халық және кәсіби би топтары қатысты.         

Байқау  2 номинация бойынша өтті: халықтық  және   заманау би.  Жас ерекшеліктеріне қарай 5-7 жас, 8-11 жас және 12-15 жас аралығында өткізілді.

Қазылар алқасының төрағасы:«Балалар мен жастар шығармашылығы орталығы», жоғары санатты мұғалім-хореограф Нигматуллина Альфия Зинатуловна.Қазылар алқасының мүшелері: «Аққу» би ансамблінің бас балетмейстері ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Мәмбетова Гүлнәр Жалғаспайқызы, «Аққу» би ансамблінің мүшесі Бимағамбетова Камшат  Серікбайқызы.

Байқау сағат 9:00 – де басталып қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп сағат 15:00 – де «Аққу» би ансамблінің бас балетмейстері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Мәмбетова Гүлнәр Жалғаспайқызының шеберлік класын өткізді. 16:00 – де Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның «Аққу» би ансамблінің концерті, марапаттау рәсімі және байқаудың жабылу салтанаты өткізілді.

Ғ.Жұбанова атындағы  Ақтөбе облыстық  филармониясы сахнасында қазылар алқасының назарына 10 би  ұжымы құрамында 150  қатысушы    өз өнерлерін ұсынды.

(Темір ауданы «Алтын – ай» би тобы, МҚК«Балалар мен жастар шығармашылығы орталығы» «Ритмика» үйірмесіАқтөбе қаласы, «Құлагер» балабақшасы Ақтөбе қаласы, №37 «Балапан» МДҮ балабақшасы, «Нұрсәт» бала бақшасының ансамблі Ақтөбе қаласы, «Шұғыла» би ансамблі Әйтеке би ауданы, «Ақбөбек» би ансамблі Ақбөбек жеке мектебі, МҚК«Балалар мен жастар шығармашылығы орталығы» «Айгөлек» үлгілі этнографиялық ұжым, №55 жалпы білім беру мектебі «Шаттық» би ансамблі, Мартук ауданы, Варенка ауылы «Нұрайым» би ұжымы. )

Әділ қазы алқаларының шешімі бойынша Гран при иегері МҚК«Балалар мен жастар шығармашылығы орталығы» «Айгөлек» үлгілі этнографиялық ұжымы лайық деп танылып,

 І – орынды Темір ауданы «Алтын – ай» би тобы(Кең дала – қазақ биі), №37 «Балапан» МДҮ балабақшасы, «Нұрсәт» бала бақшасының ансамблі, Темір ауданы «Алтын – ай» би тобы(Бипыл – қазақ биі), №55 жалпы білім беру мектебі «Шаттық» би ансамблі,  «Ақбөбек» би ансамблі Ақбөбек жеке мектебі иеленіп, ІІ – орынды МҚК«Балалар мен жастар шығармашылығы орталығы» «Ритмика» үйірмесіАқтөбе қаласы, «Құлагер» балабақшасы Ақтөбе қаласы, «Шұғыла» би ансамблі Әйтеке би ауданы, Мартук ауданы, Варенка ауылы «Нұрайым» би ұжымы иеленіп мақтау қағаздарымен марапатталынды.