2022 жылдың 10-11 маусым күндері «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы бағыттарының бірі «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына және  Ақтөбе облысының 90 жылдығына  орай,  белгілі  композитор, «Құрмет» орденінің иегері Бейбіт Оралұлы атындағы «Елім менің» халықаралық ән байқауы өтті. Әлемнің 7 елінен келген талантты 24 үміткер  Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда,   «Өнер орталығы» КЗ сайысқа түсті.

         Байқауға Израиль, Армения, Болгария, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен, Қостанай, Жамбыл облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Орал, Атырау, Талдықорған, Ақтөбе қалаларынан үміткерлер қатысты.

Өнерпаздардың өнерін танымал композитор, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық конкурстардың лауреаты,  қазылар алқасының төрағасы  Бейбіт Оралұлы (Қазақстан), ҚР «Мәдениет қайраткері», «Ерен еңбегі үшін», «Бейбітшілік және келісім» медальдарының  және «Құрмет» орденінің иегері, профессор, «Славян базары» халықаралық фестивалінің өкілі Қарлығаш Әбдікәрімова (Қазақстан, ) профессор, Армян Республикасы мәдениет министрлігі қарамағындағы Армения Республикасының білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Шарль Азнавур атындағы мемлекеттік мәдениет және өнер колледжінің директоры, «X-FACTOR»   халықаралық конкурсының құрметті жүлдегері, Славян базары фестиваліндегі Армения  ресми өкілі Вреж Киракосян (Армения), «ВИТЕБСК» мәдени орталығы мемлекеттік мекемесінің    халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, Витебск қаласындағы «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің дирекциясы, музыкант, өнертанушы Светлана Авдеева (Беларусь), продюсер, кәсіби әнші және вокал мұғалімі, халықаралық байқаулардың лауреаты, «Теңіз түйіні» халықаралық байқауының ұйымдастырушысы және қазылар алқасының мүшесі Беата Фельдман (Израиль) бағалады.

10 маусым сағ.16:00 – де «Өнер орталығы» фойесінде баспасөз конференциясы және жеребе өткізіліп, байқау қатысушылары өздерінің реттік номерлерін алды. Сағ.17:00 – де қазылар алқасының мүшелері Ақтөбе облысы әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлының қабылдауында болды.

11 маусым, сағ.10:00 – де «Өнер орталығы» КЗ байқаудың ашылу салтанаты және байқаудың І, ІІ кезеңі өтті. Байқау барысында өнерпаздар өздерінің өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Сағ.17:00-де қатысушылар Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсияға барып өңіріміздің  тарихымен танысып,  мол мағлұмат алды. 

Кешке сағ.21:00 – де «Өнер орталығы» алаңында «Music Fest Open Air» ашық аспан астындағы музыка фестивалінің ашылуына орай, байқаудың гала концерті өтті. Концерт соңында, облыс әкімінің құттықтауын жеткізу үшін облыс әкімінің  орынбасары Елеусінова Бұлбұл Ораққызы сөз сөйлеп, байқау қатысушыларына ризашылығын білдіріп, сәт сапар тілеп Бас жүлдені табыстады.

«Елім менің» халықаралық ән байқауының Мұғалжар ауданы  атынан арнайы жүлде 100 000 (жүз мың теңге)  теңге сыйақы иегері Яковлев Денис. (Қазақстан, Қостанай облысы).

Дипломант мəртебесін, сондай-ақ 100 000 (жүз мың теңге) теңге  көлемінде ақшалай сыйлықты Иванова Славея (Болгария), Амбарцумян Ваге (Армения) иеленді.

3 орын және 125 000 (жүз жиырма бес мың теңге) теңге сыйақыны Омаров Нұртас (Қазақстан, Ақтөбе қаласы), Мұратбек Хайролда (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы), Мажитова Дана  (Қазақстан, Алматы қаласы) жеңіп алды.

2 орын және 200 000 (екі жүз мың теңге) теңге сыйақыны Дүйсеев Ернар (Қазақстан, Ақтөбе қаласы), Вероника Вайл (Израиль), Орынбаев Медет (Қазақстан, Ақтөбе қаласы) иеленді.

1 орын және 250 000 (екі жүз елу мың теңге) теңге сыйақыға  Төленов Ерік (Қазақстан, Алматы қаласы) және  Мышковец Даниил «Бибі Ана»  Республикалық қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазинаның атынан арнайы жүлде және  300 000 (үш жүз мың теңге) теңге сыйақыға ие болды. (Беларусь).

Бас жүлде және 700 000 (жеті жүз мың теңге) теңге сыйақыны Бекбергенов

Азамат қанжығасына байлады (Қазақстан, Ақтөбе қаласы).

{gallery/---98/2/4{/gallery}