2022 жылдың 1-2 шілде күндері  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ақтөбе облысының «Құрметті Азаматы», Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі Марат Әйтімовтің  республикалық «Дауыс» вокалистер байқауы  алғаш  рет өтті.                                 

Қашықтықтан тыңдау нәтижесі бойынша 17 үміткер байқау мәресіне жолдама алды.

Байқауға  Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан, Тараз, Ақтау, Атырау, Алматы, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Петропавл, Нұр-Сұлтан,  Ақтөбе қалаларынан үміткерлер  қатысты.

           Байқаудың мақсаты:

  • ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Марат Әйтімовтің репертуарындағы әндерді насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу
  • Талантты жастар арасынан жаңа есімдерді таныту, шығармашылық тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету
  • Жастардың адамгершілік құнды қасиеттерін арттыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін шындау, патриоттық тәрбие беру.

Қазылар алқасының мүшелері:

Әйтімов Марат Олжабайұлы (қазылар алқасының төрағасы)  - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ақтөбе облысының «Құрметті Азаматы», Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі. (Ақтөбе қ.)    

Айтбаева Светлана Ермекқызы - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының әншісі.  (Нұр-сұлтан қ.)

Дәулетбақ Майра Тұрлыбекқызы – танымал джаз, эстрада әншісі, педагог,  ҚР мәдениет қайраткері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты  (Нұр-Сұлтан қ.)

Жақсыбаев Алдаберген Башбайұлы – әнші, ҚР Мәдениет қайраткері (Алматы)

Нұрқасымова Жұлдыз Мұхамбетжанқызы – ҚР мәдениет саласының үздігі, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі. (Ақтөбе қ.)    

Италиялық «DEARS» фан клубының арнайы жүлде 100 EURO – 50 000 (елу мың ) теңге сыйақы (қолма-қол) берілді:

Карімжанов Диас (Ақмола облысы, Қараөткел ауылы) 

Райсова Дана (Ақтөбе қаласы)

Жанай Айдай (Жамбыл облысы)

Шайхин Алтынбек (Ақтөбе облысы)

Салауат Нұржан (Батыс Қазақстан облысы)

Сүндетбаева Көркем (Ақтөбе облысы)

Қуанышева Дильназ (Ақтөбе облысы).

Дипломант – Таусарова Лаура (Ақтөбе қаласы) 50 000 (елу мың ) теңге сыйақы берілді.

Дипломант – Қарабай Әлішер (Нұр-Сұлтан қаласы) 50 000  (елу мың) теңге сыйақы берілді.

ІІІ орын – Кәдірбаева Ақмарал (Атырау қаласы) 100 000 (жүз мың) теңге сыйақы берілді.

ІІІ орын – Қадірбай Ілияс (Петропавл қаласы) 100 000 (жүз мың) теңге сыйақы берілді.

ІІ орын – Шәкір Әкімжан (Ақтөбе қаласы) 150 000 (жүз елу мың) теңге сыйақы берілді.

ІІ орын – Байжігіт Аян (Тараз қаласы) 150 000 (жүз елу мың) теңге сыйақы берілді.

І орын – Омаров Нұртас (Ақтөбе қаласы) 200 000 (екі жүз мың) теңге сыйақы берілді.

І орын – Жұмабаев Айдын (Нұр-Сұлтан қаласы) 200 000 (екі жүз мың) теңге сыйақы берілді.

Бас жүлде  – БекбергеновАзамат (Алматы қаласы) 500 000 (бес жүз мың) теңге сыйақы берілді.