2018 жылдың 28-маусымы күні сағат 19:00 – де «Өнер орталығы» концерт залында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының камералық оркестрі  «Звезда по имени солнце»  атты тақырыппен   әнші  Виктор Цой шығармашылығына арналған концерт өткізілді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі Әли Ермекбаев. Дирижер Ирина Подкурова.  Концерттік бағдарлама барысында Виктор Цой шығармашылығынан  «Кончится лето», «Группа крови»,   «Кукушка», «Звезда по имени солнце», «Восьмиклассница», «Когда твоя девушка больна», «Последний герой»   және т.б. әндері орындалып  кеш бойы камералық оркестрдің үздік шығармалары орындалып, көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады. Көрермендер толық жиналды.Көрермендер арасында мүмкіндігі шектеулі жандар да концерттік бағдарламаны тамашалап оркестр ұжымына өздерінің ризашылықтарын білдірді.