Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында 20 жыл қызмет етіп, оның 8 жылында басшылық қызметте болып, білікті басшы, шебер ұйымдастырушы ретінде танылған ҚР Мәдениет саласының үздігі, халықаралық конкурстардың жүлдегері Елубай Мұхамбетұлы Кенжалиев Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың бұйрығымен бүгін ҚР мәдениет және спорт министрлігі, мәдениет комитетінің Республикалық Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі МКҚК директоры қызметіне тағайындалды.

Барша әріптестер атынан құттықтап, жаңа қызметте сәттілік тілейміз! Ақтөбе облыстық филармониясы ұжымында еңбек еткен жылдары облыс мәдениетінің дамуына үздіксіз үлес қосқаныңыз үшін зор алғыс айтамыз!

Бір сөзбен айтқанда Біз Сізбен МАҚТАНАМЫЗ  Елубай Мұхамбетұлы!

Ізгі тілекпен, филармония ұжымы