Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !!!

Ырғыз ауданында «Жармола жәрмеңкесі» аясында республикалық «Аймақты әнмен тербетіп» ән мен жыр байқауы өтті. Байқауға 10 облыстан және аудандардан 31 өнерпаз қатысты. Жастарды халқымыздың мәдениеті мен тарихын құрметтеуге, отансүйгіштік қасиетін қалыптастыра отырып, дарынды жас өнерпаздарды халыққа танытуды көздеген додада жан-жақтан келген қатысушылар бар өнерін ортаға салды. Дүбірлі дода қорытындысы бойынша, «Эстрада» жанры бойынша БАС ЖҮЛДЕ және 300.000 тг сертификат Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының қазақ камералық хорының артисі Жұбатқан Серік Қуандықұлына бұйырды!
Жастайынан өнерге құштар, бабы келіскен өнерпазымыздың бағы жанып жүлделі оралуымен құттықтаймыз!