Отбасы — қоғамның ең абзал құндылығы, сапалы қоғам құру факторларының ең маңыздысы деуге де болады. Отбасының іргесін қалап, шаңырағын көтеретін өнерге ғашық жандарды ән мен күй, жыр мен би біріктірсе, яғни көзқарас пен көңіл қалауы ортақ болса, ол да бір жетістік, ол да татулықтың үлгісі болса керек. Оған Айтжановтар отбасы куә бола алады.

«Әліппені» бірге ашып, бір партада отырған әуелі сыныптастар, кейін бойжеткен мен бозбала, қыз бен жігіт боп, одан соң ерлі-зайыпты болған Айтжановтар қазір үш бала тәрбиелеп отыр.
Айтжановтар отбасына үлкендер жағы жұптары жарасқан жастарға сүйсініп қараса, жастардың көңілінде «біз де осындай тату отбасы болсақ» деген армандайды.

Өмірде де, өнерде де жұптарың жазылмасын, құрметті әріптестер  @dulat_aitzhanov_04_kz @rita_rimova