Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айтып, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай, 2022 жылдың 9-14 тамыз аралығында «Baqytty Вala-2022» халықаралық ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауы өтті.

Осы аталған фестиваль-байқаудың жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан жүргізуші талантты балалар мен би ансамбльдері жетекшілеріне басқарма басшысының атынан Алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.