Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында 20 жыл қызмет етіп, оның 8 жылында басшылық қызметте болып, білікті басшы, шебер ұйымдастырушы ретінде танылған ҚР Мәдениет саласының үздігі, халықаралық конкурстардың жүлдегері Елубай Мұхамбетұлы Кенжалиев Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың бұйрығымен бүгін ҚР мәдениет және спорт министрлігі, мәдениет комитетінің Республикалық Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі МКҚК директоры қызметіне тағайындалды.

Кеше Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының ұжымы, басқарма басшылары, еңбек жолындағы достары Елубай Мұхамбетұлына сәтті сапар тілеп, шығарып салды.

Ақтөбе облыстық филармониясы ұжымында еңбек еткен жылдары облыс мәдениетінің дамуына үздіксіз үлес қосқаныңыз үшін зор алғыс айтамыз! Бір сөзбен айтқанда Біз Сізбен МАҚТАНАМЫЗ @elubai_kenzhaliyev