2022 жылдың 19 желтоқсанында өткен «Қазақстан театрлары – 2022» мониторинг нәтижесінің қорытындысы мен Қазақстан «Театр сыншылары бірлестігі» атынан «Сыншылар жүлдесі» сыйлығын марапаттау рәсімінде «Ер Едіге» және «Ричард- ІІІ» қойылымдарын әуенмен әрлеген композитор, «Арайлы Ақтөбе» ансамблінің жетекшісі Серік Закария «Жыл театр композиторы» номинациясын иеленді! Шын жүректен құттықтаймыз!