Мәдениет және спорт министрлігінің дәстүрлі, классикалық, эстрадалық және театр өнері жанрларындағы шығармалар мен жаңа өнер туындылар авторларын қолдауға бағытталған алғаш рет өткен «DALA DAUYSY» бірегей жобасында, «Үздік фольклорлық музыка» номинациясы жеңімпазы «Біздің ауыл тамаша» әнінің авторы, композитор Орал Ноғайбайұлы Байсеңгірді құттықтаймыз! «Біздің ауыл тамаша» әнін Қ.ҚУАНЫШБАЕВ атындағы Мемлекеттік Академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында «Достық сазы» фольклорлық ансамблі және ансамбль әншілері Н.Әбдібеков, Д. Шынарбаева Астана жұртшылығына орындап беріп, үлкен сахнада көпшіліктің алқауына ие болды.
https://aktobe-filarmonia.kz/kz/zha-aly-tar/1246-t-t-y-t-a-j-m-y-z-13.html#sigFreeId61ec3791a3