Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының ұйымдастырылуымен, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында, Астана қаласының 20 жылдығына орай тамыз айының 7 – і жұлдызы күні сағат 19:00-де Өнер орталығының концерт залында әнші, сазгер Нұрталап Жүсіповтің «Ғажап Астана» атты шығармашылық ән кеші өтеді. Кеш қонақтары ҚР Мәдениет саласының үздіктері Аллаберген Жақсыбаев, Жадыра Арыстанова, Асқар, Асанәлі Көшеровтер, Жанна Сандыбаева және жергілікті өнер жұлдыздары Перуза Нарман, Айнагүл, Шынтас Омаровтар, Аймұрат Мәжікбаев, Орал Байсенгір, Ақылбек Бердалиев, Айбат Макашев, Ақторғын Естілеуова, Бағдат Сейт, Қуаныш Агисов, Нұрлан Бегайдар, Ұлан Досмұратов, Еркебұлан Жиеналин. Кеш жүргізушілері Нұрхан Кәдірбаев, Лунара Бекбусинова.