Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Қадірлі өнерсүйер көрермендер!

Сіздерді Атырау мәдениетінің қара шаңырағы – Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы, Қ.Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрі мен филармония артистерінің концерттік бағдарламасына шақырамыз!

Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – Мәдениет саласының үздігі Ержан Қитаров, дирижер – Мәдениет саласының үздігі Сая Жұмашева.

Кеште халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары – Медет Қарамырза, Айжарқын Темір, Жасұлан Базарбаев, Асылай Абылаева, Меруерт Уәли, Баубек Өмірғали, Ерік Көшеров және «Інжу-Маржан» би ансамблінің өнерін тамашалай аласыздар.

Өтетін орны мен мерзімі: Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы, «Өнер орталығы» концерт залы, 10 ақпан, сағ. 19:00.

Арқалы Атырау елі өнерпаздарының рухани-тағылымды кешінен қапы қалмаңыздар!