Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары!
Сіздерді 24 ақпан 18:30 да А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрі мен А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжі студенттерінің бірлескен «Ұрпақтар үндестігі» концертіне шақырамыз.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов, Бас дирижері «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері Мәдина Қабижанова.
Билеттер Өнер орталығы кассасында және Тикетон сайтында сатылады.
Касса: 90-64-58.