Бүгін қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушы академик, ҚР халық артисі, әйгілі композитор, дирижер, академик, профессор Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 116 жылдығына орай қалалық мәдениет үйі жанындағы дара тұлғаның ескерткішіне гүл шоғын қою салтанаты өткізілді.
Салтанатты шараға даңқты тұлғаның қызы, Қазақ ұлттық академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының профессоры Ажар Ахметқызы Жұбанова, шәкірті ҚазССР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қайырғали Үсенғалиұлы Қожанбаев қатысты.
Ахмет Жұбановтың 116 жылдығына орай, бүгін сағат 18.00-де «Өнер орталығы» концерттік залында А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрі мен филармония әншілерінің «Дара тұлға» концертіне жалғасады. Концертке «Аққу» би ансамблі қатысады. (Көремдік жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі Омар Мәмбетов, бас балетмейстері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлнәр Мәмбетова).
Ақтөбеде жыл сайын көктем мезгілі келгенде әдеттегідей айналаның тазалығы, ағаш отырғызу, ағаштарды бұтап, түбін әктеу үрдіске айналған. Осы орайда, бүгін Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония қызметкерлерінің төңіректің санитарлық жай-күйін қалыпты сақтау мақсатында тағы бір ұйымдасқан тазалық жұмыстары белсенді түрде жүргізілді.
Сенбіліктің экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Таза ортаның тынысы кең демекші, үрдіске айналған сенбілік қаламыздың көркеюіне көп үлесін қосуда. Бүгін сенбілік барысында филармония қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді.
Барлық тұрғындарды өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстап, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс қалдықтарын тастамай, қала тазалығының сақталуына үлес қосуға шақырамыз!