Оркестр 2003 жылы 15 қазанда  құрылды.

Көркемдік жетекшісі және дирижері — ҚР мәдениет саласының үздігі, ҚР Композиторлар одағының мүшесі – Әлімжан Ермекбаев. 

Оркестр  «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  концерттер және мәдени шараларға қатысты. Оркестр бүгінде репертуарларын жаңартып, көрермендерге жоғары деңгейде концерттік бағдарламасын ұсынуда.  

Өнер ұжымы 2016 жылы Алматыда өткен республикалық қазақ камералық музыка фестивалінің ІІ дәрежелі лауреаты атанды. 

Әр жылдарда оркестрмен бірге танымал өнер шеберлері Нұржамал Үсенбаева, Ангелина Югай, Венера Алпысбаева, Светлана Касьян, Роза Рымбаева, Толқын Забирова, Шахимардан Әбілов, Жанат Бақтай, Балнұр Кыдырбек және басқалары көрермендер алдына шықты.

Камералық оркестр құрылғаннан бергі уақытта Қазақстанның 16 қаласында гастролдік сапарда болды. 

Оркестр қатысқан, жүзеге асырған маңызды шаралар:

2006 ж. – академик Ахмет Жұбановтың 100 жылдығына арналған «Абай» операсының концерттік нұсқасы;

2009 ж. – Қазақстан Тұңғыш Президенті музейіндегі концерт (Астана қаласы);

2010 ж. – Қазақстандағы Польша елшісінің қатысуымен Ф. Шопеннің 200 жылдығына арналған концерт;

2011 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайындағы Ақтөбе облысының мәдени күндері;

2012 ж. – композитор Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналған жоба;

2013 ж. – композитор Ғазиза Жұбановаға арналған «Айр Астана» жобасы;

2013 ж. – РФ Қорған қаласы губернаторлық симфониялық оркестрмен бірлескен жоба;

2013 ж. – Қарағанды қаласындағы ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған халықаралық жоба (Қазақстан, Ресей, Өзбекстан); 

2014 ж. – Ақтөбе облысының Қызылордадағы мәдени күндері;

2014 ж. – ҚР Композиторлар одағы республикалық съезі;

2014 ж. – Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 70 жылдығына гала-концерт.

Осы жылдар ішінде камералық оркестр 400-ден астам концерт қойды, Қазақстанның халық әртістерімен тұрақты түрде бірігіп жұмыс істеді. Оркестрдің реперуарында 10 шақты тақырыптық бағдарламалар,  әр түрлі жанрдағы 300-ден астам шығармалар бар.

2016-2017 жылдар аумағында ғана мынадай концерттер ұйымдастырылды:

2016 ж. – «Әуен Фест» қазақ камералық музыкасы республикалық конкурс-фестивалы, 2 орын;

Виктор Цойды еске алуға арналған шығармашылық кеш;

Ақтөбе облысының Астана, Қызылорда қалаларындағы мәдени күндері;

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерт;

Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі, ҚР Мемлекет басшысы қатысуымен жаңа Өнер орталығының ашылуы;

Оркестр құрамында Алматы, Баку консерваторияларының, Астана қаласындағы Ұлттық өнер академиясының түлектері еңбек етеді. Камералық оркестр жоғары және орта оқу орындарында, музыкалық мектептерде, балалар бақшаларында, қайырымдылық концерттерінде белсенді шығармашылық және ағартушылық қызметтерін жүргізуде.  

 

 

 


 

2019 жылдың 28 қыркүйек күні сағат 16:00-де  Орал қаласы Жастар мәдениет сарайында Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы камералық оркестрінің Виктор Цойдың шығармашылығына арналған концерті өтті.

 

Оркестрдің  көркемдік жетекшісі  ҚР мәдениет саласының үздігі Әли Ермекбаев. Концерттік бағдарлама барысында Виктор Цой шығармашылығынан  «Кончится лето», «Группа крови»,   «Кукушка», «Звезда по имени солнце», «Восьмиклассница», «Когда твоя девушка больна», «Последний герой»   және т.б. әндері, камералық оркестрдің үздік шығармалары орындалып, көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады. Көрермендер толық жиналды. Кеш соңында  оркестр ұжымына өздерінің ризашылықтарын білдірді.

  • Click to enlarge image 0b34f05c-61f7-426b-8b50-5eabaf03fafd.jpg
  • Click to enlarge image 0b6f9525-8e42-46fd-934e-c8052455bbd0.jpg
  • Click to enlarge image 35658d52-d283-4b62-8a54-978887ac76a1.jpg
  • Click to enlarge image 38e2f6f3-4010-4291-b8d7-c2297ae60645.jpg
  • Click to enlarge image 3c021b85-b7b0-472b-aadc-ff1e642565f7.jpg
  • Click to enlarge image 411f4479-c18e-4425-afba-24ce05f5ee3c.jpg
  • Click to enlarge image 417247f7-f130-44f2-ac7e-68803557c409.jpg
  • Click to enlarge image 49f5645d-cfd5-44d1-b6b7-8ec5d5ebf497.jpg
  • Click to enlarge image 601600ec-f48e-4374-9d0c-2cb31e3feaa8.jpg
  • Click to enlarge image 6c1e82e4-443d-4039-9d95-92d8e9c91059.jpg
  • Click to enlarge image 7994e5fc-b2b8-417f-b005-20973ff88c1e.jpg
  • Click to enlarge image 82099618-ec25-4d8b-8fed-933f9efa6de4.jpg
  • Click to enlarge image 8218bdc3-a539-445d-af31-0d2fcb06a137.jpg
  • Click to enlarge image 844b5c24-831a-4d09-b1ec-381c37ee0b6f.jpg
  • Click to enlarge image 8f819ca0-a242-48e0-a387-a0e4d9c9c557.jpg
  • Click to enlarge image 9ee5a190-13ee-4f02-8593-e93e496b3d78.jpg
  • Click to enlarge image 9f399b1f-ac8d-4262-91d2-1d3599cb73c6.jpg
  • Click to enlarge image a5bdfdac-c9c2-46c1-aaca-d6e2655408c5.jpg
  • Click to enlarge image a7085431-1ef9-4d4b-a507-eb98fdb1b61f.jpg
  • Click to enlarge image a7e8dd6b-0b68-4a31-b76a-2aba1fd3c3bd.jpg
  • Click to enlarge image aa3da268-7933-49c2-8cc2-a29bc6f494f2.jpg
  • Click to enlarge image bf270518-7941-4279-9bd0-8c4237e82921.jpg
  • Click to enlarge image c4fe377d-55b6-456b-b500-879ad84c365e.jpg
  • Click to enlarge image cf0f8a38-b991-4219-b8bf-fc0decaced0e.jpg
  • Click to enlarge image e37718ae-aa32-4a64-b06d-723fb286e05b.jpg
  • Click to enlarge image e3c4959c-a47b-42be-bfdb-e2cd518f2ecc.jpg
  • Click to enlarge image f83ba679-12be-43d7-b8fb-0106b1d20afa.jpg
  • Click to enlarge image f89743ba-bec3-4a0d-9907-78068b4be149.jpg
  •