Классикалық музыка ансамблі

 

Ансамбль  2003 жылы құрылды.  2003 – 2017 жылдар аралығында ансамбльдің көркемдік жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін», «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына» арналған медальдерінің иегері  Марат Айтимов болды.  2018 – 2020 жылдар аралығында ансамбльдің көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет қайраткері, Ақтөбе облысының құрметті азаматы Гүлсім Юсупова болды. Қазіргі таңда ансамбльдің көркемдік жетекшісі  Нұртас Омаров.

Ансамбльдің құрамында ҚР мәдениет қайраткері, Ақтөбе облысының құрметті азаматы Гүлсім Юсупова, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері  Қанат-Светлана Айтбаевтар, қазақ музыкасының майталмандары Мирас-Құралай Бекжановтар, халықаралық байқаулардың лауреаты Жадыра Арыстанова жұмыс жасады.

Қазіргі таңда ансамбль құрамында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» Марат Әйтимов, ҚР мәдениет қайраткерлері Перуза Нарман, ҚР мәдениет саласының үздіктері Жұлдыз Нұрқасымова, Елдос Жұмағұлов және халықаралық, респуликалық байқаулардың  лауреаттары   Гүлназира Сағынғанова, Ғазиза Әбдірова, Әділет Күзенбаев, Динара Шынарбаева, Мәншүк Мұқанова, Нұрлан Әбдібеков, Аймұрат Мәжікбаев, Манзура Сапарова,  Нұртас Омаров, Арман Төлесінов, Ернар Дүйсеев, Айбат Махашев, Гүлхан Бөрібасова, Мират Есетов, Еркебұлан Құмаров, Мерей Самұрат, Алина Оспанова, Гауһар Саламас, Ибрахим Амин, Ардақ Төлепберген, Гүлдана Алдадосова, Беджа Калмыков  өз өнерлерімен халыққа танылып, ел құрметіне бөленген жандар.

 

Нарман Перуза Қауысбайқызы

Қызылорда облысында өткен облыстық жыршы-термешілер байқауында I-орын (1997ж)

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында өткен «Аймақты әнмен тербетіп» атты аймақтық байқауда I-орын (1998ж)

2000 жылы Елбасының жарлығымен аталған Мәдениетті қолдау жылында министірліктің грамотасымен марапатталған.

Ақтөбе қаласында Халық шығармашылық үйінің ұйымдастырумен өткен облыстық термешілер байқауында I-орын (2002ж)

Шымкент қаласында өткен Республикалық термешілер байқауында I-орын (2003ж).

Орал қаласында өткен республикалық термеші қыз-келіншектер байқауында I-орын (2004ж).

Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының алғыс хатымен, Ақтөбе облыс әкімі (Е. Имантаевтың) алғыс хаты(2003ж).

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Ақтөбе облыс әкімі (Е.Сағындықовтың) сыйлығының лауреаты иегері ( Астана-2004ж).

Бішкек қаласында өткен Дүние жүзілік жыршылар фестивалінде Қырғызстан мәдениет министрінің дипломы ( Бішкек қаласы-2006ж).

Қызылорда қаласында өткен Республикалық «Заман-ай»  термешілер байқауында «Бас жүлде» (жеңіл авто көлік) 2007ж.

П.Нарманның жеке шығармашылық концерті өткізілді (2007ж)

Атырау қаласында өткен «Отаным бақыт ордасы»  термешілер байқауының «Бас жүлде» иеленген (2007ж).

2017 жылы Қарағанды қаласында өткен Республикалық жыршылар байқауында II-орын иеленді.

Қызылорда қаласында өткен республикалық жыршылар байқауында Текей батыр атындағы арнайы жүлдесімен марапатталды (2017ж).

Атырау қаласында өткен республикалық «Жырым жетсін жалпыға» фестиваліне қатысып «АҚ ЖАРМА» жырау атағын иеленді.

 «Көмейімдегі күміс жыр»  жеке концерті (2018 ж)

2011 жылы ҚР Мәдениет қайраткері атағын иеленді.

2020 жылы Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлының алғыс хатымен және «Ер Едіге» қоғамдық қорының «ЕР ЕДІГЕ» төс белгісімен марапатталды

П.К. Нарманның репертуарында Нұртуған, Базаржырау, Қарасақал Ерімбет, Т. Ізтілеуов, Жаңаберген, Ақтан, Сәттіғұл сияқты ақын жыраулардың шығармалары және Асау – Барақ, Алпамыс жырларымен қоса халық әндері бар.  Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Сирия елінің Домаск, Босра, Аллеппо,Сюида қалаларында өнер көрсеткен белгілі дәстүрлі әнші. Республика көлемінде өткізілген дәстүрлі жыршылық өнерге қатысты шараларда да өз өнерін көрсетті. Ұлттық арнада «Жетісаз» бағдарламасында жеке концерттік бағдарламасы жазылып, сонымен қатар Перузаның шығармалары Қазақ радиосының Алтын қорында сақталған.

 

Сағынғанова Гүлназира Сапарқызы

2007 жылы Н.Тілендиев атындағы «Кел,еркем,Алатауыңа» атты І Халықаралық конкурсының ән жанры бойынша «Алатау» жүлдесімен марапатталды.

 

Әбдірова Ғазиза Алпысбайқызы

2005 жылы Республикалық «Асыл мұра» дәстүрлі музыка орындаушылары байқауының бас жүлде иегері.

2007 жылы Магнитогорск қаласында «Европа – Азия» байқауында дипломант атанды және Нұр Отан партиясының ұйымдастыруымен өткен «Егемен болмай ел болмас»  байқауында 3 орынға ие болды.

2008жылы «Ырғыз – өнер мерекесі» атты Республикалық байқауда жүлделі І орын.

2013 жылы Сары Батақұлына арналған «Дала дастан» Республикалық байқауда және Атырау қаласында өткен  Мекес Төрешов атындағы «Көрінген сонадайдан нарын еді»  ІІ аймақтық дәстүрлі әнші – термеші байқауында 3 орын.

2016 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен  қаласында өткен Әсет Найманбаев атындағы Республикалық байқаудың лауреаты.

2016 жылы М.Мұхит атындағы Республикалық байқаудың лауреаты (Орал қаласы)

2017 жылы «Мен қазақпын» мега жобасынан Ақтөбе облысының үздік әншісі атағының жеңімпазы.

2020 жылы Павлодар облысының ұйымдастыруымен өткен күміс көмей әнші, композитор Майра Уәлиқызы Шамсутдинованың 130 жылдығына арналған «Майраның салған ізімен» атты Республикалық дәстүрлі ән орындаушы қыз-келіншектердің онлайн конкурс фестивалінде Бас жүлдеге ие болды.

 

Нұрқасымова Жұлдыз  Мұхамеджанқызы

2001 жылдан бастап филармония әншісі болып қызмет етіп келеді.

2003 жылы Халықаралық Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» байқауының дипломанты. (Шымкент қ.)

2008 жылы Республикалық «Әсеттің әсем әндері-ай» байқауының ІІІ орын лауреаты. (Алматы қ.)

2010 жылы ең алғашқы есеп беру концертін берді.

2011 жылы Ақтөбе облысы әкімінің сыйақысын иеленген.

2016 жылы Мәдениет Министрі Арыстанбек Мухамедиұлының «Құрмет» грамотасымен награтталды.

2016 жылы  Қазақстан Республикасының 25-жылдығына  арналған «Ән жүрек» атты жеке есеп беру шығармашылық концертін өткізді.

2016 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2017 жылы Мәдениет қызметкерлер күні мерекесінде «ҚР-ның Мәдениет саласының үздігі» атағы берілді.

2018 жылы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың қолынан алғыс хат алды.

2019 жылы  Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 75 жылдық мерейтойына орай, мәдениет саласын дамытуға зор үлес қосқаны үшін Мерекелік Төсбелгімен наградталды. 

2020 жылы сәуір айында және мамыр айында  онлайн концертін өткізді.

2020 жылы Ақтөбе қалалық филиалы «Nur Otan» партиясының атынан алғыс хат алды.

 

Әйтімов Марат

1993 жылдан бастап филармония солисті.

2003-2017 жылдар аралығы ансамблдің көркемдік жетекшісі болды.

2005 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

2011 жылы «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.

2013 жылы Ақтөбе облыстық маслихатының хатшысы С.Қалдығұлованың алғыс хаты және облыс әкімінің орынбасары С.Нұрқатованың алғыс хатымен марапатталды.

2012 жылы «Әнім сенсің туған ел» атты жеке есеп беру концертің өткізді.

2013 жылы «Кездесейік» атты шығармашылық концертін өткізді.

2018 жылы 25-сәуірде «Өнер Орталығы» сахнасында  кезекті «Кездесейік»  атты шығармашылық концерті өтті.

Білікті маман ретінде Қызылорда қаласында Астана күніне орай өткізілген аймақтық патриоттық әндер конкурсы мен К.Дүйсекеевтің шығармашылығына арналған республикалық «Елім»  конкурсында, «Ұлы мұра» II-ші халықаралық байқауында, «Бақытты бала – 2018» Халықаралық балалар ән байқауында әділ қазылар мүшесінде болып, ал «Бақытты бала-2019» Халықаралық балалар ән байқауының әділқазылар алқасының төрағасы болды.

2020 жылы сәуір және мамыр  айларында онлайн концертін өткізді.

2020 жылы Білім министрінің атынан Ы.Алтынсарин атындағы төс белгімен марапатталды.

 

Сапарова Манзура Сейілханқызы

2007 жылдан бастап филармония әншісі.

2008 жылы және 2014 жылы «Ахау керім» жеке шығармашылық кешін өткізді.

2011 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатын алды.

2014 жылы Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.Арынғазиеваның алғыс хатымен марапатталған.

2019 жылы «Гаухартас» жеке шығармашылық концертін өткізді.

2019 жылы ҚР Мәдениет және спорт министірінің «Құрмет» грамотасы.

2020 жылы сәуір және мамыр  айларында онлайн концертін өткізді.

 

Төлесінов Арман Рысқалиұлы

2010жылдан бастап облыстық филармония әншісі.

2012 жылы Республикалық Айбергенов атындағы «Бір тойым бар» байқауында І орын алды.

2016 жылы облыс бойынша «Үздік әнші-2016» атағының иеленді.

 

Махашов Айбат Сырлыбайұлы

2014 жылдан бастап филармония солисті.

2018 жылы «Құтты мекен Ақтөбеден Арайлы Астанаға» Республикалық жастар экспедициясына қатысқаны үшін алғыс хат алды.

2019 жылы  Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның 75-жылдық мерейтойына орай, Ақтөбе облысы  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы атынан алғыс хат алды.

2020 жылы сәуір айында онлайн концертін өткізді.

 

Күзембаев Әділет Алтынбекұлы

2014 жылдан бастап филармония солисті.

2016 жылы Республикалық М.Мералыұлы атындағы дәстүрлі әншілер байқауында ІІІ орын лауреаты. (Орал қ.)
2017 жылы аймақтық «Жан серігім домбыра» атты жыршы-термешілер байқауында І орын лауреаты.(Ақтөбе, Ойыл)

 

Бөрібасова Гүлхан Шалабайқызы

2013 жылдан бастап филармония солисті.

2016 жылы «Ауылым – алтын бесігім» шығармашылық ән кешін Темір ауданы Кеңесту ауылында  берді.

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Астана қаласының 20 жылдығына арналған ІІ-Республикалық «Жібек жолы» эстрадалық ән байқауының диплом иегері.

2018-жылы Астана қаласының  20-жылдық мерейтойында ат салысқаны үшін Ақтөбе облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың қолынан алғыс хат алды.

2019 жылы  Есет Батыр Көкіұлы ауылында « Шырқайық бірге»  жеке шығармашылық концертін берді.

2019 жылы  ІІІ Республикалық «Жібек жолы» эстрадалық ән байқауының дипломанты.

2019 жылы «Киелі мекен-Кеңестуым» жерлестер форумына атсалысқаны үшін Темір ауданының әкімі Ж.Қалмағанбетовтың атынан алғыс хат алды.

2019 жылы  Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның 75-жылдық мерейтойына орай, Ақтөбе облысы  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы атынан алғыс хат алды.

2020 жылы сәуір айында онлайн концертін берді.

 

Балмағамбетова Бағдат Серікқызы

2018 жылы Астананың 20 жылдығына арналған  Ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Елеусіновадан алғыс хат.

2018 ж Астана қаласында өткен «Сағындырған әндер-ай»  ретро феставаліне қатысып өнер көрсетті.

2018 жылы «Құтты мекен Ақтөбеден Арайлы Астанаға» Республикалық жастар экспедициясына қатысқаны үшін алғыс хат алды.

2018 жылы «Туған жерім – нұрлы елім» акциясы аясында Мұғалжар аудан әкімі

Е .Ж.Данағұловтан  алғыс хат.

2018жылы Астананың 20-жылдық мерейтойында ат салысқаны үшін Ақтөбе облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтан алғыс хат алды.

2019 жылы Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның  75 жылдығы  орай  Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония директоры Е.М. Кенжалиевтен алғыс хат алды.

2020 жылы сәуір және мамыр айында Онлайн концертін өткізді.

 

Есетов Мират Саматұлы

ҚазҰӨУ-нің «музыкалық театр актері» мамандығы бойынша түлегі.

2017 жылдан бастап филармония әншісі.

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Астана 20 жылдығына арналған ІІ-Республикалық «Жібек жолы» эстрадалық ән байқауының диплом иегері.

2020 жылы короновирус пандемиясына қарсы күрес мақсатымен жүзеге асырылған «Біз біргеміз» жалпыұлттық  акциясы аясында  «Nur Otan» партиясымен бірге халыққа қолдау  көрсетіп волонтер ретінде белсене атсалысқаны үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың атынан алғыс хат.

 

Құмаров Еркебұлан Сұлтаналыұлы

Ақтөбе МПИ-ның түлегі.

2014 жылдан бастап филармония әншісі.

2014 жылы «Жас қанат-2014» ән байқауының қатысушысы.

2017 жылы Республикалық «Жібек жолы-2017» ән байқауының ІІІ орын лауреаты. (Ақтөбе қ.)

2018 жылы Ойыл ауданында және Жетікөл ауылында   «Әңгімең бар ма?» атты жеке шығармашылық кешін өткізді.

2019 жылы  Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның 75-жылдық мерейтойына орай, Ақтөбе облысы  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы атынан алғыс хат алды.

2020 жылы сәуір айында онлайн концертін өткізді.

 

Таусарова Лаура Александровна

2016 жылдан бастап филармония солисті.

2015 жыл  Чехия мемлекеті, Прага қаласында өткізілген "OHNOSTROJ TALENTU" Халықаралық музыкалық фестиваль - I дәрежелі Лауреат;

2015 жыл "ЖЕРІМ МЕНІҢ" Халықаралық патриоттық әндер байқауы - III дәрежелі Лауреат;

2016 жыл "ҮШ ЖҰЛДЫЗЫ ЕЛІМНІҢ" VI аймақтық патриоттық әндер байқауы - III дәрежелі Лауреат;

2018 жыл  Екі Мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Ж.Бегелдинов атындағы ӘҚК Әскери институтының 20 жылдық мерейтойы мен Астана қаласы күнің мерекелеуге белсене қатысқаны үшін ӘҚК Әскери институтының полковнигі М.Қажмұратовтың Алғыс хатымен марапатталды.

2019 жыл, Ақтөбе қаласы III Республикалық “ЖІБЕК ЖОЛЫ” эстрадалық ән байқауы дипломанты.

2019 жылы Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 75 жылдығына арналған іс шараларға белсене қатысқаны үшін филармония директоры Е.М.Кенжалиев Алғыс хатымен марапатталды.

 

Самұрат  Мерей Жайыққызы

2020 жылдың ақпан айынан филармония  әншісі. 

 

Дүйсеев Ернар Ерболұлы

2018 жылы «Жібек жолы» республикалық эстрадалық әншілер конкурсы 1-орын.

2018 жыл жылы Роза Бағланова атындағы  «Ақмаңдайлым»  Республикалық эстрадалық әншілер конкурсы «Дипломант» ( Қызылорда қаласы).

2020 жылы сәуір айында онлайн концертін өткізді.

2020 жылы ҚазКсро және ҚР халық әртісі композитор Е.Хасанғалиев әндерін орындаушылардың халықаралық «Атамекен» конкурсының «Дипломант» иегері.

Орал қаласы Халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің өлеңіне жазылған әндерді орындаушылардың батыс аймақтық эстрадалық онлайн конкурсы 3-орын (БҚО Ақжайық ауданы).

 

Алдадосова  Гүлдана

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап филармония солисті.

2020 жылдың  қазан айында КСРО Халық әртісі, композитор Н.Тілендиевтің 95-жылдығына орай өткен «Әлқисса» онлайн – фестивалінде І-орын иегері.

 

Шакиров Акимжан Биржанулы

Халыкаралық және Республикалық конкурстардың жеңімпазы (Россия, Москва, Орынбор , Ақтөбе, Орал, Алматы , Астана)

2019 жыл   мүмкіндігі шектеулі жандар мен қаланың танымал әншілері арасында өткізілген «Екі жұлдыз» гала концертіне белсене қатысқаны үшін Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Ж.Махамбетовтың Алғыс хатымен марапатталды;

2019 жыл Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 75 жылдығы аясында ұйымдастырылған маңызды мәдени іс шараларға белсене қатысқаны үшін филармония директоры Е.М.Кенжалиев Алғыс хатымен марапатталды;

2020 жыл, Ақжайық ауданы, Белгілі қоғам қайраткері, ақиық ақын Қазақстанның халық жазушысы, КСРО және Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтарының иегері Жұбан Молдағалиевтің сөзіне жазылған әндерді орындаушылардың аймақтық «Жұбанның әлдилейді Ақжайығы» онлайн ән байқауының І-орын лауреаты.

2020 жылы сәуір айында онлайн концертін өткізді.

 

Калмыков Беджа Вячеславович

2019 жылдан бастап филармония солисті.

2020 жылы сәуір айында онлайн концертін көрерменге ұсынды.

 

Берікұлы Сәбит

2015 жылдың қазан айынан бастап,  Б. Оралұлы шығармашылық орталығының әртісі  

2016 жыл облыстық Бәкір Тәжібаев әндерін орындаушылар байқауы — 2 орын.

2018 жыл облыстық Шәмші Қалдаяқов әндерін орындаушылар байқауы — 2 орын.

2017 жылы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарының алғыс хаты.

2019 жылы Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Н.К. Кәдірбаевтың алғыс хатымен,

2019 жылы Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармониясының 75 жыл мерейтойлық төс белгісімен марапатталды.

2017-2018-2019 жылдары Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармония директоры Е.М Кенжалиевтің алғыс хатымен марапатталды.

2020 жылы ҚР Тұңғыш президентінің алғыс хатымен марапатталды.

2020 жылы сәуір айында онлайн концертін көрерменге ұсынды.

 

Ардақ Төлепберген

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап филармония солисті.

Барлық іс-шараларға белсене қатысуда.

 

 Ибрахим Амин

2021 жылы Ибраhим Амин Чехияда өткен Антонин Дворжактың 180 жылдығына арналған «World of classics» халықаралық онлайн конкурсында және Дубай қаласында өткен халықаралық «Golden century – 2021» онлайн конкурстарында Бас Жүлдені иеленді.