Ансамбль 2011 жылы құрылды. Көркемдік жетекшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Зейнелов Бақытбек Жұбатқанұлы.
Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты.
ІІ Халықаралық «Ұлы мұра» өнер байқау – фестивалінің Гран – при иегері (2013ж)
Ресей Федерациясы мен ҚР-ның шекаралас аумақтарының халықаралық фестивалінің лауреаты (РФ,Омск қаласы, 2013 ж)
ҚР Атырау облысы мен РФ Астрахан облыстары этномәдени бірлестіктерінің V – ші Халықаралық фестивалінің лауреаты (2013ж)
«Жұбановтар көктемі – 2013» Халық аспаптар ансамблінің халықаралық фестивалінің лауреаты.
X Бүкілресейлік хор мен ансамбльдердің фестивал – конкурсының лауреаты (РФ, Астрахань, 2014 ж.)
VI Халықаралық фольклорлық және дәстүрлі мәдениет фестивалінің лауреаты (Дагестан Республикасы, Махачкала қаласы, 2014 ж)
Оркестрлер мен ұлттық аспаптар ансамблінің ІІ Халықаралық фестивалінің лауреаты (Уфа, 2015ж)
Үнді мемлекетінде өткен VIII Халықаралық би және музыка фестиваліне қатысып, Үнді мемлекетінің Нью – Дели, Лахнау, Патна қалаларына барды. (2018ж)
https://aktobe-filarmonia.kz/kz/demalys-ua-yttaryny-kestesi.html#sigFreeId0d0514831f
АЙТЫС-КОНЦЕРТ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында 16 ақпан күні сағат 16:00 – де «Өнер орталығы» концерт залында ұлттық өнерімізді дәріптеп жүрген «Достық сазы» және «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамбльдерінің қатысуымен, елді елең еткізген ерекше жоба «Ұлы дала жүйрігі» атты айтыс - концерт өтті.
«Достық сазы» ансамблінің жетекшісі «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі Бақытбек Зейнелов және «Арайлы Ақтөбе» ансамблінің жетекшісі Серік Закария. Концерттік бағдарлама барысында екі ансамбль шетел шығармаларын және қәзіргі хит әуендерді жарыса орындады. Күйшілер шеруінде домбыраның құлағында ойнайтын, республикамыздың дүлдүл домбырашылары Таңат Сәденов пен Жәнібек Жәмиев, ақындар айтысында атағы алысқа кеткен атыраулық ақын Шалқарбай Ізбасаров пен Ақтөбенің айтулы ақыны Марат Ахметов шығып халықты дүр сілкінтті. Филармонияның дәстүрлі әншілері «Біздің ауыл тамаша», «Елге сапар», «Ауылым» әндерін көрермендермен қосыла шырқады. Мұндай ерекше айтыс-концертке халықтың ырза болғандығы олардың ерекше қошеметінен байқалып тұрды. Кеш соңында филармония директоры Е.М.Кенжалиев ұлтымыздың ұлық өнерін ту қылып көтерген өнерпаздарға алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
https://aktobe-filarmonia.kz/kz/demalys-ua-yttaryny-kestesi.html#sigFreeId6530e239e0
Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың болашаққа бағдар "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында жəне сүйікті қаламыз Ақтөбенің 150 жылдығы, өнердің қара шаңырағы Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының 75 жылдығы аясында, 13-ақпан күні №8 орта мектебінде "Бізде қонақта... " айдарымен жас ұрпаққа өнер әлемін таныту арқылы ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді бағалауға тәрбиелеу мақсатында ҚР мәдениет саласының үздігі Бақытбек Зейнеловпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде балалар жергілікті жеріміздегі танылмал тұлға мен өнер ұжымының шығармашылығымен танысты. Өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Кездесу соңында Ғ. Жұбанова атындағы "Достық сазы" фольклорлық ансамблі мектеп оқушылары мен ата-аналарына, мектеп ұжымына ән мен күйден шашу арнап, концерт берді. Өнер ұжымы өз көрерменіне қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлады. Мектеп ұжымы өнерпаздарға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
https://aktobe-filarmonia.kz/kz/demalys-ua-yttaryny-kestesi.html#sigFreeId4a6df9f323
Бүгін, 6 қазан күні, сағат 16.00де «Өнер орталығы» концерт залында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның 75- ші концерттік маусымының ашылуына орай халықаралық конкурстардың лауреаты «Достық сазы» фольклорлық ансамблінің "МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МҰРАСЫ" атты МАУСЫМАШАР концерті жоғары деңгейде өтті.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі «Құрмет» орденінің иегері Бақытбек Зейнелов.
Ансамбль орындаған әрбір шығарма көрермен тарапынан зор қошеметке ие болды. Әсіресе, Димаштың репертуарындағы композитор И.Крутойдың "Любовь уставших лебедей" шығармасы ұлттық аспаптардың үніменен шоқтығы биіктей түскеніне қалың ел куә болды. Қазанғаптың "Әлиманың боз жорғасы", Е.Тоқсабановтың "Сыр толғауы" күйлері тыңдармандар жүрегінен орын алды.
Кеш қонағы ҚР Мәдениет қайраткері, «Серпер» Жастар сыйлығының иегері Өмірқұл Айниязов "Бұлбұлымды" айтып, соңғы жолын "мың күніме татиды,
Ақтөбедегі бір күнім" дегенінде ел ерекше ықыласын қошеметімен білдірді.
Концерттік бағдарламаға қатысқан, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген филармонияның дәстүрлі әншілері Динара Шынарбаева,
Нұрлан Әбдібеков, Гүлназира Сағынғанова орындаған "Көзіңнің мөлдірін-ай","Арман-ай", "Біздің ауыл тамаша" әндерін, "ән шашу" және "ән жұмбақ" сайыстарында көрермендер қосыла шырқап, алда өтетін әнші Н.Әбдібековтің "Мен даланы сүйемін" атты концертіне тегін кіру билетін ұтып алды.
Сонымен қатар, А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің "Жастар" би ансамблі (жетекшісі Н.Жұманиязов) қатысып өз өнерлерін көрсетті.
Салтанатты маусымашар Мырзаның "Мереке" күйімен басталып, ҚР Мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгірдің "Мәңгілік ел- Қазақстан" әнімен аяқталды.
"Достық сазы" ансамблінің маусымашар концерті "Мәңгілік елдің мұрасы" деген атына заты сай керемет концерт болды.
Біздің маусымашар бағдарламаларымыздан қалмаңыздар, " Өнер орталығы" рухани байлық сыйлайды. Келіңіздер! Күтеміз!
https://aktobe-filarmonia.kz/kz/demalys-ua-yttaryny-kestesi.html#sigFreeId7c4adef417
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Любовь уставших лебедей» әні ұлттық аспаптың сүйемелдеуімен көрерменге ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның 75 жылдығына орай «Достық сазы» фольклорлық ансамблі концерт берді. «Мәңгілік елдің мұрасы» концерті кезінде Игорь Крутойдың «Любовь уставших лебедей» әні ұлттық аспаптың сүйемелдеуімен көрерменге ұсынылды.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Бақытбек Зейнеловтің жаңа туындысына әнші Димаш Құдайберген де ризашылығын білдірді. «Әкеммен бірге өскен жан досы, 1998 жылдан бері «Димаш Әли« шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі болып, ата-анамның талай әндерінің және менің орындауымдағы «Дайдидау« әнімнің аранжировкасын жасаған Бақытбек аға репертуарымдағы «Любовь уставших лебедей« деп аталатын әнімді қазақ ұлттық аспаптарына өңдеп шығарған. Маған және әннің авторы Игорь Крутой ағамызға қатты ұнады», - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік парақшасына. Танымал ән әуенінің өңделуі композитор Игорь Крутойға да ұнаған. Ол жаңа нұсқаның ерекше тартымды екенін жазған.