Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында,  Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен,  Астана қаласының 20 жылдығына орай 2018 жылдың 14 – ші қыркүйек күні сағат 18:30 – да Өнер орталығы сахнасында Тәттімбет атындағы Академиялық халық – аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібайдың  «Күзгі әуен» атты концерті өтті. Концерттік бағдарламаға барысында А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің орындауында Тәттімбеттің «Сарыжайлау», «Көкейкесті», Қазанғаптың «Жаса Ақжелең», Құрманғазының «Серпер», «Сарыарқа», А.Назаровтың

 

«Праздник мелодий», И.Дунаевскийдің «Дети капитана Гранта» және т.б. шығармалар орындалып, филармония әншілері Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Н.Омаровтың жеке орындауында халық әні «Ақ курай», А.Жалмағамбетованың «Ризамын тағдырға»,  Э. Ди Капуа «O solo mio» әндері, Ж.Орынбекованың жеке орындауында халық әні «Акерке», Ғ.Құрманғалиевтың «Сәлем» әндері шырқалды. Жеке домбырада ҚР мәдениет саласының үздігі Ж.Асылханов Қазанғаптың «18 жасар Балжан қыз» күйін, жеке қобызда Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары М.Каюпова «Күзгі әуен», А.Кабдымананова «Күй» шығармаларын орындап көрермендердің ыстық ықыласына, қошеметіне бөленді. Концерт соңында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының директоры Е.М.Кенжалиев Дүйсен Үкібай мырзаға  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Н.Қорғанбаеваның атынан Алғыс хатпен марапаттады. Көрермендер толық жиналып, концерт жоғары деңгейде өткізілді.

 

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының директоры Е.М.Кенжалиев Дүйсен Үкібай мырзаны марапаттау сәті

 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібайдің  «Күзгі әуен» атты концерті

 

 ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібайдің  «Күзгі әуен» атты концерті

 

 ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібайдың , А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрімен  «Күзгі әуен» атты концерті