2018 жылдың 28 қыркүйек күні сағат 18:30 – да Өнер орталығы концерт залында Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 74 – ші концерттік маусымның ашылуы өткізіледі. Концертке А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, Қазақ камералық хоры, Камералық оркестрі, «Арайлы Ақтөбе», «Достық сазы» фольклорлық ансамбльдері, «АҚҚУ» би ансамблі, «САЗ» балалар студиясы,  классикалық музыка ансамблі, Бейбіт Оралұлы шығармашылық орталығы және «Екі Езу» сатира – театры қатысады. Концерттік бағдарламада қазақстан және шетел композиторларының шығармалары орындалады.

 

 

Маусым ашар қазақша проба