2018 жылдың 16 желтоқсан күні сағат 16.00-де Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен  «Елім менің» атты мерекелік концерті өтеді.

 

Өткізілетін жері: Өнер орталығы концерт залы. Концертке А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, Қазақ камералық хоры, Камералық оркестрі, «Арайлы Ақтөбе», «Достық сазы» фольклорлық ансамбльдері, «АҚҚУ» би ансамблі, «САЗ» балалар студиясы,  классикалық музыка ансамблі, Бейбіт Оралұлы шығармашылық орталығы және «Екі Езу» сатира – театры қатысады.