2019 жылдың 17 сәуір  күні Тұңғыш Елбасымыздың болашаққа бағдар рухани жаңғыру бағдарламасының жалғасы "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын кеңінен насихаттау және Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның 75 жылдығына, Ақтөбе  қаласының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған  бабадан қалған асыл мұра дәстүрлі ән өнерін бойтұмардай қастерлеп, қазақ  әншілерінің ең  алғашқыларының  бірі  болып  Англияның астанасы Лондонда,  Бельгияның астанасы Брюсельде, Германияның Талин- Берлинде, Кёльнде, Италияның астанасы Римде, Миланда, жалпы Еуропа сахналарын аралап ән салған, Германияда  режиссер Ирина Мюллердің Ақан Серінің өмір жолы мен шығармашылығына арналған неміс тіліндегі  спектакльінде  Ақан Серінің әндерін орындап, Англиядағы  ең үздік «Еллоу би» студиясында «Маңмаңгер» әнінің дыбысын өңдеп, күй  таспаларын шығарып, Лондон, Милан, Брюсель қалаларында жеке концерттерін  берген,  әлемге  әйгілі әнші  Пласидо Домингомен бір сахнада өнер көрсетіп алғысын алған, елімізді  әлемге танытып, өнерін насихаттап жүрген, әлемге әйгілі тума талант иесі Ерлан Рысқалидың "Маңмаңгер" атты шығармашылық кеші Өнер орталығы концерт залында өткізілді. Кеште А. Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі,  халықаралық конкурстардың жүлдегері Асылбек Кенегесов өнер көрсетті.  Ерлан Рысқали нақышына келтіріп  орындаған әндерге халық қошеметін аяған жоқ.  Әрбір әні бір тарих болатын Ерлан серіге ел ырза болды.  Бұл ән кеші елдің есінде мәңгі жаңғырып тұратындай...

Жұрт залдан "Молдабайды" айтып шығып бара жатты. "Молдабайдың еліне келіп, шабыттың шырқау шыңына көтерілген  даланың дарынды ұлына шығармашылық табыс  тілейміз" деді филармония басшысы Е. Кенжалиев.  Концертті жүргізген  Орал-Қосай Байсеңгір 26-30 сәуір күндері  өткелі отырған "Жұбановтар әуені"  атты халықаралық фестивальге және Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің концертіне шақырды.  Өнер орталығындағы өтетін мәдени шаралардан қапы қалмаңыздар. Біз елге рухани байлық сыйлаймыз!

  • Click to enlarge image DSC_7609_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7612_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7613_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7614_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7617_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7626_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7627_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7650_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7651_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7655_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7671_1600x899.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7676_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7679_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7682_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7694_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7706_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7710_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7722_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7723_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7724_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7727_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7734_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7736_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7739_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7740_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7741_801x1200.JPG
  • Click to enlarge image DSC_7751_1600x1068.JPG
  •  
.