Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында, 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануына байланысты, Ақтөбе қаласының 150 жылдығы, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 75 жылдығына орай «Өнер орталығы» сахнасында Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты Әлібек Ынтағалидің «Дала үні» атты күй кеші өтті.


Концерттік бағдарламаға А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі (Көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов, бас дирижері ҚР мәдениет саласының үздігі Мадина Қабижанова), «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблі (көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі Мадина Қабижанова),


ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазанғаптанушы Жайлау Асылханов, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты Талап Хамзин, ҚР «Құрмет» Грамотасының иегері, композитор, этно –музыкант Бауыржан Ақтай, Республикалық конкурстардың лауреаты, дәстүрлі әнші Әділет Күзенбаев, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, «Мен Қазақпын» телевизиялық мега жобасының финалисті Таңат Саденов қатысты. Әлібектің жеке орындауында Б.Ақтайдың «Шаттық», К.Құмақайдың «Арман», Қазанғаптың «Торы жорға аттың бөгелек қағуы»  күйлерімен қатар, ұлттық бояуын бұзбай, жазылған  жаңа заманауи үлгіде өңделген   шығармаларды  орындады. Әріптестері арасында  "бесаспап" атанып кеткен өнерпаздың тың идеяға толы күймен көмкерілген көркем кешіне келгендер қазақ өнерін әлемге танытатын тағы бір перзентінің бар екендігіне қуанғаннан дүркін -дұркін дүркірете қол соғып отырды.  "Жастар жылы"  жалынды жастардың өнері "дала үнін" аңсап келген көрерменге ерекше  жігер  берді. Бір сөзбен айтқанда "Әлібектің алғашқы  концерті әлі есімізде" деп талай жылдар  айтып  жүретін кеш болды. Кеш иесін   филармония басшысы Е.М. Кенжалиев құттықтап, ұстазы Т. Хамзин,  Ж.Асылхановтар    жас өнерпаздың болашағына зор сенім білдіретіндерін айтты.

  • Click to enlarge image DSC_1063_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_1066_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_1071_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_1098_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_1103_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_1116_1600x1068.JPG
  • Click to enlarge image DSC_1143_1600x1068.JPG
  •  
.