20 қараша сағат 18:30 – да «Өнер орталығы» концерт залында филармония әншісі, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты МАНЗУРА САПАРОВАНЫҢ «Гауһартас» атты концерті жоғары деңгейде өтті.
Бағдарламада: қазақ халық әндері, орыс және шетел шығармалары орындалды.
Кешке: А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, қазақ камералық хор ұжымы,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Марат Әйтімов;
ҚР мәдениет қайраткері – Перуза Нарман;
ҚР мәдениет саласының үздігі – Жұлдыз Нұрқасымова, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары – Аймұрат Мәжікбаев, Айбек Қарағұлов, Нұртас Омаров, Аңсар Жүсіп қатысты.
Концертмейстер - ҚР мәдениет саласының үздігі Дина Ниязова
Гаухардай жарқыраған Манзура әріптесіміздің әрдайым биік белестерден көрінетініне сенеміз, шығармашылық табыс, мол бақыт тілейміз!
https://aktobe-filarmonia.kz/kz/zha-aly-tar/370-manzurany-n-keshi.html#sigFreeId534a2cdbe1