Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында, 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануына байланысты, Ақтөбе қаласының 150 жылдығы, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 75 жылдығына орай «Өнер орталығы» сахнасында Қазақ камералық хорының «Сүйікті қалам Ақтөбе» атты концерті жоғары деңгейде өтті.


Концерттік бағдарлама барысында А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің және Ақтөбе гуманитарлық колледжінің түлектері, қазіргі танда Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының студенттері Шынболат Қуанбай, Мархабат Бекенова, Әбділсейіт Тәжіғұлов, Дойна Гыска, Болат Нұртуған қатысып кәсіби өнер көрсетіп халықтың шынайы сүйіспеншілігіне бөленді. "Туған елге тағзым еткен әр түлектің қадамына нұр жаусын" деген көпшілік ризашылықпен тарасты.

 

  • Click to enlarge image _DSC0130.JPG
  • Click to enlarge image _DSC0180.JPG
  • Click to enlarge image _DSC0198.JPG
  • Click to enlarge image _DSC0239.JPG
  • Click to enlarge image _DSC0250.JPG
  • Click to enlarge image _DSC0261.JPG
  •