23 желтоқсан Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармония ұжымының ұйымдастыруымен балаларға арналған жаңа жылдық қайырымдылық ертеңгілігі өтті. Тағдыр сынағына ілінген мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары филармония ұжымына зор алғыстарын білдірді.
Өмірге деген құштарлығы өрге сүйреген өрендердің өнерге деген махаббаты олардың жанарындағы мұңды сейілтіп, бақытқа бөледі. Балаларының қуанышты жүзін көрген ата-аналар қауымы "дәрі-дәрмексіз емдейтін" өнердің құдіретіне бас иетіндіктерін айтып, келесі мәдени шараларға да қуана келеміз деді.
Жаңа жыл жақсылықтың бастауы болғай!