5-желтоқсан күні, сағат 16:00-де «Өнер орталығы»  концерт залында Ақтөбе өңірінің мәдени дамуына, қазақ өнерінің өркендеуіне үздіксіз үлес қосқан, тарихы терең, еңбегі ерен, құт қонған киелі орда Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 75 жылдық мерейтойына арналған  "ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРА ШАҢЫРАҚ"  атты салтанатты кеші өте жоғары деңгейде өтті.

 

Мерейлі мерекеге қазақ елінің танымал өнер жұлдыздары  мен Ақтөбе облысының зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ақын- жазушылар, мәдениет майталмандары қатысты. Кеш барысында  филармонияның өткені мен бүгіні туралы деректі фильм көрсетілді. Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 75 жылдығына орай, мәдениет саласын дамытуға қосқан зор үлесі мен ұлттық өнерді насихаттаудағы шығармашылық жетістіктері үшін филармония артистері мен қызметкерлері Ақтөбе облысы әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлының атынан алғыс хатпен және мерекелік төсбелгімен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің атынан "ҚР Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен, «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

 

Кеш барысында орындалған әрбір шығарма тамаша әсер қалдырып, зал толы халықтың қошеметіне ие болды. Сондай-ақ мерейтойымызға арнайы келген Ресей опера әншісі Светлана Касьян: "мен қай елге барсам да, әрдайым есімде тұратын, өзімнің ұшқан ұямды мақтан тұтамын, мен үшін Ғ.Жұбанова атындағы филармонияның  сахнасында ән салу үлкен  бақыт"  деді.  Светлана Касьян шырқаған әндер мерейлі  кештің шырайын шығарды. Кеш  сценариін Орал-Қосай Байсеңгір жазып, режиссерлік жасаған Данияр Базарқұлов.

 

 Кеш соңында О.Байсеңгірдің өлеңіне жазылған Д.Айтжановтың "Жасай бер, өнер ордасы" атты арнайы жазылған филармония гимні  орындалып, мерейтойға  құттықтап келген барша қауымға филармония басшысы Е.Кенжалиев алғыс айтты.  Ақтөбе облысы әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлының атынан ықылас гүлі ұсынылып,  сыйлыққа автобус көлігіне сертификат табысталды. Филармония ұжымының 75  жылдық мерейтойына үлкен дайындықпен келгені орындалған әр шығармадан көрініп тұрды.  Көрерменге кәсіби  өнердің  қандай болатын тағы да дәлелдеген  өнерпаздарға қошемет бір сәтке де толастаған жоқ.  Ұлы Ахмет Жұбановтан бастау алып,  дүниені дүбірлеткен Димаш Құдайбергеннің дауысына ұласқан өнер бұлағы тазалығымен, мөлдірлігімен,  саф, сұлу табиғилығымен тәнті  етті.  Бұл өнер тойы    республиканың түкпір-түкпірінен келген барлық әріптестерге үлгі, өнеге болды. 

 

"Міне,  мерейтой дәл осылай болу керек"  деген көпшіліктің пікірі өнерпаздарға қанат бітіріп,  шығармашылық шабыт берді.  Көрерменнің ұзақ қошеметі ән кернеген, күй тербеген  өнер ордасының шаңырағының шаттығын еселей түсті.

 

Мерейлі мереке құттыболсын!

 

  • Click to enlarge image 1-1.JPG
  • Click to enlarge image 1-10.JPG
  • Click to enlarge image 1-11.JPG
  • Click to enlarge image 1-12.JPG
  • Click to enlarge image 1-13.JPG
  • Click to enlarge image 1-14.JPG
  • Click to enlarge image 1-15.JPG
  • Click to enlarge image 1-16.JPG
  • Click to enlarge image 1-17.JPG
  • Click to enlarge image 1-19.JPG
  • Click to enlarge image 1-2.JPG
  • Click to enlarge image 1-20.jpg
  • Click to enlarge image 1-21.JPG
  • Click to enlarge image 1-23.JPG
  • Click to enlarge image 1-24.JPG
  • Click to enlarge image 1-25_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-26.JPG
  • Click to enlarge image 1-27_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-28_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-29_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-3.JPG
  • Click to enlarge image 1-30_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-31.JPG
  • Click to enlarge image 1-32.JPG
  • Click to enlarge image 1-33.JPG
  • Click to enlarge image 1-34_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-35_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-36_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-37_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-38_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-39_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-4.JPG
  • Click to enlarge image 1-40_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-41_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-42.JPG
  • Click to enlarge image 1-43.JPG
  • Click to enlarge image 1-44.JPG
  • Click to enlarge image 1-45.JPG
  • Click to enlarge image 1-46.JPG
  • Click to enlarge image 1-47_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-48.JPG
  • Click to enlarge image 1-49.JPG
  • Click to enlarge image 1-5.JPG
  • Click to enlarge image 1-50_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-51_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-52.JPG
  • Click to enlarge image 1-53.JPG
  • Click to enlarge image 1-54_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-55.JPG
  • Click to enlarge image 1-56_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-57.JPG
  • Click to enlarge image 1-58.JPG
  • Click to enlarge image 1-59.JPG
  • Click to enlarge image 1-6.JPG
  • Click to enlarge image 1-60.JPG
  • Click to enlarge image 1-61_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-62.JPG
  • Click to enlarge image 1-63.JPG
  • Click to enlarge image 1-64.JPG
  • Click to enlarge image 1-65.JPG
  • Click to enlarge image 1-66_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-67.JPG
  • Click to enlarge image 1-68.JPG
  • Click to enlarge image 1-69_801x1200.jpg
  • Click to enlarge image 1-7.JPG
  • Click to enlarge image 1-8.JPG
  • Click to enlarge image 1-9.JPG
  •