18 қаңтар күні сағат 16:00 – де Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының ұйымдастыруымен, Ақтөбе облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Есенгелді Дәуітұлы Дүйсенбаевты еске алуға арналған «Есімдесің, Есаға» атты кеш жоғары деңгейде өткізілді.
Сан ғасырдан бері ұрпақтан ұрпаққа аманат болып келе жатқан, жауһар жыр мен көркем күй өнерінің даңқына дақ түсірмей болашаққа апару «мен қазақпын» деп мақтана алатын, ұлтын шексіз сүйген адамдардың ғана қолынан келетін іс ! Ақтөбе өңірінің ғана емес, күллі қазақ өнерінің мәдени дамуына саналы ғұмырын арнаған Есенгелді Дәуітұлы Дүйсенбаевтың еңбегі ерекше ғаламат зор.. Есенгелді Дәуітұлының Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясын 1991 жылдан 2012 жылдар аралығында басқарып, өнерге адал қызмет етіп, биік мақсаттарға жеткізу жолындағы ерен еңбегін әрқашан мақтан тұтамыз.
Кеш соңында Есен Дүйсенбаевтың апасы Айман Дәуітқызы сахнада өнер көрсеткен әрбір шығармашылық адамына тоқталып, олар орындаған ән мен күйге, марқұм Есенгелдінің бастамасымен ашылған ұжымдардың кәсіби өнеріне ризашылығын білдіріп, кештің алғы сөзін айтқан мәдениет ардагері Е.Құрманбековке және құрметтеп келген барлық көрермендерге тума-туыстарының атынан алғыс айтты.
Бұл кешке филармонияның кәсіби ұжымдары түгел қатысты.
Кешті Орал-Қосай Байсеңгір мен Марина Васильева жүргізді.
https://aktobe-filarmonia.kz/kz/zha-aly-tar/411-a-a-rukhyna-ta-zym.html#sigFreeId48d08eb2d7